2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 39-2 шешімі
Осы редакция 2020 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға арналған бюджет келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 55 374 427 мың теңге:
салықтық түсімдер - 30 012 039 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 316 489 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5 315 567 мың теңге;
трансферттер түсімі - 19 730 332 мың теңге;
2) шығындар - 50 731 707 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 8 013 721 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 8 013 721 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -3 371 001 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 3 371 001 мың теңге:
қарыздар түсімі - 8 013 721 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 4 642 720 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.
2. 2020 жылға арналған қалалық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және осы шешімнің 4, 6-тармақтарына сәйкес қалыптастырылады.
3. Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 7-бабы басшылыққа алынсын.
4. 2020 жылға арналған облыстық мәслихатпен белгіленген кірістерді бөлу нормативі төмендегі ерекшеліктер бойынша есептелсін:
1) төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы қалалық бюджетке 72,5% мөлшерде есепке алынады;